Алматы қаласы Білім басқармасының "№146 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-18-97
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-18-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАСТАУ» ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ
18
май
2022

БАСТАУ» ТУРНИРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Балалар жылы аясында №15 гимназия базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған ХV республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қалалық кезеңі өткізілді. Қалалық кезеңге барлығы 17 команда қатысты (51 оқушы), оның ішінде орыс тілді 8 команда, қазақ тілді 9 команда.
Турнир екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар 3 сағат бөлінген командалық тапсырмаларды шешті. Екінші «Математикалық бәйге» кезеңіңде жас математиктер өзіндік орындауға арналған есептерді шешті.
Турнир қорытындысы бойынша орыс тілді командалардың ішінде 1-орынды №90 мамандандырылған мектеп-лицейінің, 2-орынды «Тұран» мектеп-лицейінің, 3-орынды №1 мектеп-гимназиясының, №131 мектеп-лицейінің, №15 гимназияның, №184 жалпы білім беретін мектептің командалары иеленді.
Қазақ тілді командалардың қорытындысы бойынша 1-орын № 136 мектеп-гимназиясының, 2-орын №146 мектеп-лицейінің, №123 мектеп-гимназиясының, 3-орын №148 мектеп-гимназиясының, №179 жалпы білім беретін мектептің, №83 гимназияның командаларына берілді.
Қорытынды хаттамамен, турнир тапсырмалары және шешімдерімен almaty.daryny.kz сайтында танысуға болады.
Біздің жас математиктерді жеңістерімен құттықтаймыз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

31 август 2019 Хабарландыру
23 ноябрь 2016 Директор