Алматы қаласы Білім басқармасының "№146 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302-18-97
Есепші бөлімі:
+7(727) 302-18-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Бостандық ауданы №146 мектеп-лицейде 2024 жылдың 23 қаңтар күні 15.00 « Алаштың асқақ үнді арыс ұлы» Дулат Исабековпен кездесу өтті.
23
январь
2024

Алматы қаласы Бостандық ауданы №146 мектеп-лицейде 2024 жылдың 23 қаңтар күні 15.00 « Алаштың асқақ үнді арыс ұлы» Дулат Исабековпен кездесу өтті.

2024 жылдың 23 қаңтар күні Алматы қаласы Бостандық ауданында Алматы қаласы Білім басқармасының «№146 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Алаштың асқақ үнді арыс ұлы» атты әдеби кездесу кеш ұйымдастырылды. «Алаштың асқақ үнді арыс ұлы» атты әдеби кездесу кешіміздің қонағы:
- 1960-жылдарда қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен келген классик жазушы; 
- қазақ әдебиетінің қадірлі ақсақалы; 
- драматург;
- мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
- «Құрмет» орденінің иегері;
- халықаралық «ПЕН-клубы» және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты;
- «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –  «Алтын жұлдызбен» марапатталған;
- «Отан» орденінің иегері Дулат Исабеков.
Әдеби кездесу кешімізді ұйымдастырудағы мақсат – оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, танымал тұлға еңбектерін таныту, шығармашылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани құндылықты сіңдіру.
Әдеби кездесу кеште оқушылар жазушы шығармаларынан көріністер, ән-би, сұрақтар қойды.
Оқушылар тек елімізге ғана емес, бүгінде көрерменнің үлкен ілтипатына ие болған классик жазушы Дулат Исабековтың өмірі мен шығармашылығы туралы жазушының өз ауызынан естіп, жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Әдеби кездесу кеш соңында №146 мектеп-лицей директоры Нурадинов Нұрғали Мұхитұлы мектептің атынан алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: