09
ноябрь
2019
Мектеп-лицейдің бағытына қарай өткізілген іс-шара
Мектеп-лицей жаратылыстану-математика бағытын тереңдетеді. Соған байланысты биылғы оқу жылында математика, информатика, физика пәндерінен сыныптан тыс іс-шаралар өткізу қолға алынуда. Бастауыш сыныптар арасында 26.10.2019 жылы кубик-рубик жинаудан жарыс өткізілсе, 9.11.2019 жылы 7-8 сыныптар арасынан информатика пәнінен интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, пәндерге деген қызығушылығын дамыту.